Кездескенімізде тілім "қышып" по-чёрному қалжындасатыным, сондықтан болар үйіне бара қалсам үнемі маған ыдыс жуғызатын, көп әрі тез сөйлейтін бір құрбым бар. Есімі - Шенгүл Қ. Пысық дегенде өте пысық! Үйіндегі гүл бақшасын былай қой, көктемде жолдасының офисі жақта небір көкөністерді егіп, бүгін соларды жинап түрлі салаттарды жауып тастағанын айт. Бұл бір. Сосын, үйдегі маталардан өзіне-қызына бірдей көйлек-етек тігіп, неше түрлі тоқымаларды тоқи алады. Екі ма? Үшіншіден - тамақ жасағанды ұнатып қана қоймай, көптеген дәмді әрі тез пісетін тағамдарды жасай алады. Хмм.. (арамызда оны танитындар шығып қалса) оған көп мақтап жібергенімді айтып қоймаңдар!! Негізі қысқа қайырып, жәй ғана ол жасаған кекс рецептімен бөліспекші едім.. ;)

- 3 жұмыртқа
- 1 стакан қант
- жарты стаканнан сәл көбірек сұйық май
- 1 стакан сүт
- апельсин цедрасы
- ұн
- жарты пакет разрыхлитель
Жұмыртқаларды қантпен араластырыңыз. Сұйық май + жылы сүт + апельсин цедрасын қосып тағы араластырыңыз. Енді осы қоспадан 1 стакандай бөліп қойып, қалғанына ұн мен разрыхлитель қосыңыз. Бәрін жақсылап араластырып, 10 минутқа қойып қойыңыз. Форманы майлап, алдын ала ысытылған духовкада 30 минуттай пісіріңіз. Піскен кексті сәл суытып, үстіне бөліп қойған қоспадан қасықтап құйыңыз. Кекс толығымен суыған кезде тураңыз.
суреттегі қалам дұрыс жатыр. осылай ойластырылған өзі :)